(Өмірде болған оқиға)

Осыдан біраз жыл бұрын кішкентай қалашықта қайғылы жағдай болды. Бір көшенің бойында тұратын кішкентай ұл бала мен қыз бала балабақшада аяқ астынан қайтыс болды.

Оларға не болғанын ешкім білмейді. Тәрбиеші әдеттегідей балаларды түсте ұйықтатады. Бірақ ұл мен қыз ұйқыдан оянбай қалады. Бірден балабақшаға жедел жәрдем шақырылды. Дәрігер келе сала балаларды қарап шықты да, олардың қайтыс болғанын айтты. Балабақшаның меңгерушісі де, тәрбиешілер мен күтушілер де қорыққандарынан не істерлерін білмей абыр-сабыр.